Read the original announcement in English

2013 жылдан бері біз топтық чат ұғымын кеңейтіп келеміз: жауаптар, атап өтулер, сауалнамалар, әкімші құралдары, статистика қостық және топтарда жүз мыңдаған қолданушы болуына мүмкіндік бердік. Осы мүмкіндіктердің көпшілігі кейін басқа қолданбаларға да еніп, адамдардың хат алмасуын біржолата өзгертті.
Telegram топтары қарқынды дамып келеді. Бүгін Telegram-ның 2020 жылғы 12-ші жаңартуында біз дауысчаттар енгіздік. Ол топ мүшелері кез келген уақытта қосыла алатын жаңа аудиоконференция түрі.
2021 наурыз: Дауысчаттар 2.0: арналар, миллион тыңдаушы, эфирді жазып алу, әкімші құралдары
Енді кез келген Telegram тобы әрдайым ашық тұратын дауысчат бөлмесіне айнала алады. Дауысчаттар мәтін және медиа алмасумен қатар жүреді.
Дауысчаттар топтық қоңыраулар болмаса да, олар ұқсас мақсаттарға қол жеткізе алады, сонымен бірге ескі кестенің орнына икемділікті ұсынады. Үлкен топтарда олар адамдармен сөйлесудің кездейсоқ мүмкіндіктерін де ұсынады.
Белсенді дауысчаты бар топтарда экранның жоғарғы бөлігінде қазір кім сөйлеп тұрғанын көрсететін арнайы тақтасы болады. Достарыңыздың әңгімесіне қосылғыңыз келсе, дауысчатқа қосыла аласыз.
Дауысчатқа қосылғаннан кейін қолданба ішінде емін-еркін жүре аласыз: басқа чаттарды оқып, хат жібере бересіз. Дауысчатқа қосулы күйде қаласыз, ал микрофонның баптауы экранда қалады, қалаған сәтте өзіңізді тез үнмен немесе үнсіз қыла аласыз.
Android құрылғыларында дауысчаттың толық мүмкіндігін жүйелік қалқымалы виджет арқылы қолдануға болады: ол микрофон батырмаларын және қазір кім сөйлеп тұрғанын көрсетеді, тіпті Telegram фондық режімде тұрса да.
Желіде отырған кез келген адаммен сөйлесе аласыз немесе ыңғайлы мәзір арқылы көбірек адам шақыра аласыз. Дауысчаттар бірнеше мың қатысушыны сыйдыра алады, сондықтан олар дүкен аралап жүріп отбасыдан кеңес сұраудан бастап, ауқымды тікелей эфирге дейін бәріне жарайды.
Сонымен қатар, дауысчаттарда әсерлі анимациялар бар, сондықтан қазір тіпті бетпе-бет кездесулерде де біз тек солар арқылы байланысамыз.
Дауысчатыңызды құрып, оны қолдануның ерекше тәсілін табу үшін өз тобыңыздың бейінін ашыңыз, (⋯) немесе (⋮) батырмасын басып, Дауысчат бастау таңдаңыз.
Бұрын топтық чаттар адамдардың бірігіп жұмыс істеу және байланыста болу тәсілін өзгерткендей, дауысчаттар да жаңа деңгей сыйлайды деп үміттенеміз. Алдағы апталарда біз пікірлеріңізді ескере отырып, шу басуды жетілдіріп, бейне мен экран бөлісу сияқты жаңа мүмкіндіктер қоса отырып, дауысчаттарды одан әрі дамытамыз.
Telegram Desktop және macOS қолданбасында дауысчаттар үшін перне әрекетін таңдай аласыз, осылайша Telegram терезесі белсенді емес кезде де микрофоныңызды басқарасыз.
Telegram-дағы анимациялы стикерлер тиімділік үшін оңтайландырылған 180 кадрлық тегіс анимацияны, шексіз масштабталуды 50 КБ-тан аз көлемде береді.
Бүгінгі жаңартумен стикерлер бұрынғыдан да жылдам жүктеледі және пайда болардың алдында сұлбасын көрсетеді.
Android қолданушылары енді Telegram деректерін ішкі жадтан SD-картаға сақтай алады. Бұл жады аз құрылғыларға көбірек медиа және файл сақтап, Telegram-ды барынша тиімді қолдануға мүмкіндік береді.
Басқа қолданбалардан айырмашылығы, Telegram телефоныңызда орын үнемдеуге мүмкіндік береді: қолданба кэшін кез келген уақытта тазалай аласыз. Баптау → Дерек пен жад → Жадтың жұмсалуы тармағын қараңыз.
Android қолданбасында бүкіл бетбейне бойынша жаңа жатық анимациялар қостық: Жаңа хат батырмасын басқанда, бейіндерді ашқанда, чат бумаларын басқарғанда және хат алған кезде көрінеді.
iOS қолдансаңыз, Siri құлаққаптағы кіріс хаттарды дауыстап оқи алады. iOS баптауы > Мәлімдеме > Хат мәлімдеме тармағына өтіп, Telegram-ды ҚОСУЛЫ етіңіз.
Android қолданушылары енді бұрын жіберген суреттерін қуатты медиа өңдегіштің көмегімен тез өңдеп, оған әсерлер, суреттер немесе стикерлер қоса алады. iOS қолданушылары алынған суретке қалам батырмасын басып, оны тез өңдеп, жауап ретінде қайта жібере алады.
Бұл мүмкіндіктердің әрқайсысы бұрын бір ғана платформада бар болатын, енді iOS пен Android-та де бар.
Хаттың не мәтіннің ұзындығын өңдегенде, шекті ұзындыққа жақындаған кезде қалған таңбалар санын көрсетеді.
Ешбір жаңарту қосымша анимациялы эмоджисіз өтпейді. Әдеттегідей, чатта осылардың бірін
көру үшін, жай ғана бір эмоджиден тұратын хат жіберіңіз.
Telegram-дағы көптеген мүмкіндіктер бастапқыда қолданушылардың ұсыныстарынан пайда болған. Қолданба ішіндегі әлеуетті жаңа мүмкіндіктерді айқындап, қателер табуды жеңілдету үшін біз қоғамдық қате мен ұсыныс платформасын іске қостық.
Біз әрбір өтінішті тиісті түрде қарастырғымыз келеді, сондықтан платформа біртіндеп іске қосылады. Қазіргі уақытта барлық қолданушылар ұсыныстар тізіміне қол жеткізіп, оларға дауыс бере алады.
Жаңа жыл құтты болсын!
2020 жылы 23 желтоқсан
Telegram командасы
P.S. Жыл соңында әдетте соңғы 12 айға көз жүгіртеміз. Оның орнына Павел Дуров сізге алдағы ондаған жылдар бойы тамаша мүмкіндіктерді ұсына беру үшін Telegram-ды ұзақ мерзімді тұрақты етудің стратегиясын жариялады.