SIM картасыз тіркелу, хаттарды жаппай авто-жою, тақырып 2.0 және т.б.

Read the original announcement in English
SIM картасыз тіркелу, хаттарды жаппай авто-жою, тақырып 2.0 және т.б.

Осы жаңартумен Telegram тіркелгісін SIM картасыз аша аласыз және барлық жаңа чаттағы хаттарды өздігінен жою үшін жалпы таймерді орната аласыз. Топтағы тақырыптар енді бұрынғыдан да қуатты және 100-ден астам мүшесі бар топтар үшін қолжетімді.

SIM картасыз тіркелу

Telegram-да телефон нөміріңіз ешқашан бейтаныс адамдарға көрінген емес, қолданушыларымыз нөмірді кім көре алатынын және оларды телефон нөмірі арқылы кім таба алатынын өздері бақылайды.

Бүгін құпиялықтың жаңа дәуірі басталады. Енді сіз Telegram тіркелгісін SIM картасыз тіркей аласыз. Ол үшін Fragment платформасында қолжетімді, блокчейн негізіндегі анонимді нөмірлерді қолданып кіруге болады.

Барлық чатты авто-жою

Telegram өздігінен жойылатын хаттарды сонау 2013 жылы енгізген болатын. Қолданушылар кез келген жіберілген немесе алынған хаттарды ешқандай із қалдырмастан екі жақтан да жоя алады. Сондай-ақ белгілі бір уақыттан кейін чаттарды тазалау үшін авто–жою таймерін орнатуға болады.

Бүгін біз цифрлық ізіңізді бақылау мүмкіндігін болашаққа қарай кеңейтеміз. Енді барлық жаңа чаттағы хаттарды өздігінен жою үшін жалпы авто-жою таймерін орнатуға болады.

Бұл бұрыннан бар чаттарға әсер етпейді, бірақ сіз Баптау → Құпиялық пен қауіпсіздік → Хатты авто-жою мәзірі арқылы авто-жою баптауын кез келген чатқа оңай қолдана аласыз.

Таймер барлық жаңа чатыңызға (оны кім бастағанына қарамастан) және сіз жасаған барлық жаңа топқа өздігінен қолданылады.

Сондай-ақ шағын жеке топтарда авто-жоюды орнатуды оңайлаттық, енді топтың аты мен суретін өзгертуге құқығы бар кез келген мүше таймерді қоса алады.

Абсолютті құпиялық

Telegram-ның хаттарды із қалдырмай жою, қолданыстағы және болашақ чаттарды авто-жою таймерімен басқару мүмкіндіктері сізге бүкіл хат тарихына толық иелік ету құқығын береді. Оған аккаунтты SIM картасыз қолдану мүмкіндігін қоссаңыз, бұл абсолютті құпиялықты қамтамасыз етеді.

Тақырып 2.0

Өткен жаңартуымыз үлкен топ әкімшілеріне талқылауларды тақырыптарға бөлуге мүмкіндік беріп, классикалық форумдарды заманауи мессенджер технологияларымен ұштастырды. Бүгін тақырыптар бұрынғыдан да дамып, енді 100 немесе одан да көп мүшесі бар топтар үшін қолжетімді болды.

Тақырыптары бар топтар ыңғайлы екі бағаналы режімде ашылады, осылайша сіз басқа чаттарға бұрынғыдай жылдам ауыса аласыз. Чат тізімінен бірден соңғы тақырыпқа ауысу үшін көрініс терезесіндегі жаңа батырманы бассаңыз жеткілікті.

Енді топтарда Жалпы атты негізгі тақырып болады. Онда топтың қызметтік хаттары мен тақырыптарға дейінгі хаттар тарихы сақталады. Бұл тақырып барлық мүшеге ескі хаттарды табу үшін қолжетімді, бірақ әкімшілер бұл тақырыптың атын өзгерте алады немесе оны негізгі тізімнен жасырып қоя алады.

Барлық соңғы хаттарды бірден көру үшін «Хат қып көру» режіміне ауысуға болады. Бұл режімдегі әрбір хатта оның қай тақырыпта жарияланғанын көрсететін батырма бар, оны басу арқылы сол тақырыпқа бірден өте аласыз.

Тақырыптар тізімінде оңай бағдарлау үшін, сіз кіріп көрген тақырыптардың есептегіш белгілері айқындама түспен, ал әлі ашылмағандары ашық түспен көрсетіледі.

Тәртіп пен жүйені жақсы көретіндер үшін топтарда енді 5 тақырыпқа дейін бекітілуі мүмкін және әр тақырыпта шексіз хат бекітуге болады.

Топ иелері тақырыптарды өздерінің Топ баптауында іске қоса алады және кімге тақырыптарды құруға және басқаруға рұқсат берілгенін Рұқсатта басқара алады. Барлығы осы жария топта тақырыптарды сынап көре аласыз.

Қарқынды анти-спам

Әлемдегі ең көп жүктеліп алынған 5 қолданбаның бірі болу Telegram-ды спаммерлердің де басты нысанына айналдырады. Үлкен чаттардың әкімшілері тазалықты сақтау үшін көбіне үшінші тараптың анти-спам боттарына сүйенеді. Бұндай боттар тиімді болуы мүмкін, себебі олар Telegram-ның құпиялық саясатымен шектелмегендіктен, біздің ішкі жүйелерге қарағанда белсендірек әрекет ете алады.

Енді 200-ден астам мүшесі бар топ әкімшілері Telegram-ның өз алгоритмдерінің толық қуатын қолдана алады, ол үшін автоматты спам сүзгілерінің жаңа «Қарқынды режімін» қосу керек.

Әкімшілер кез келген қате бұғаттауды «Соңғы әрекет» бөлімінен хабарлай алады, бұл «дроидтарымызды» болашақта топтарыңызды бұдан да жақсырақ қорғауға үйретуге көмектеседі.

Уақытша QR код

Жария қолданушы аты бар Telegram қолданушылары айналасындағы адамдармен жылдам байланысу үшін QR кодтар жасай алады.

Енді сізде қолданушы аты болмаса және телефон нөміріңізді бәрінен жасырып қойсаңыз, уақытша QR код жасай аласыз. Кодты сканерлеу арқылы адамдар телефон нөміріңізді білмей-ақ сізді контактілеріне бірден қоса алады.

iOS-та эмоджи іздеу

iOS қолданушылары енді Android-та бұрыннан бар эмоджи іздеу мүмкіндігін қолдана алады. Бірнеше тілдегі сөздерді жазып, қажетті эмоджиді, соның ішінде жеке жинақтарды оңай табуға болады.

Эмоджи тақтасын ашу үшін хат жазу кезінде енгізу өрісіндегі Emoji басыңыз.

Қандай да бір эмоджи үшін сөз жетіспесе, оны Аударма платформамызда ұсына аласыз.

Сондай-ақ Android-қа арналған Telegram-да хаттың басында эмоджи ұсыныстарын көру үшін «бақыт» немесе «күлу» сияқты сөздерді жазуға болады немесе барлық Telegram қолданбасында «:кеш» немесе «:бетперде» сияқты хаттың кез келген жерінде қос нүкте мен сөзді жазуға болады. Бұл жаңа емес, жай ғана ұқыпты.

Android-та жадтың жұмсалуының егжей-тегжейлі көрінісі және т.б.

Android-та «Жадтың жұмсалуы» беті жаңартылды. Енді ол әр чаттың құрылғыңызда қанша орын алып тұрғанын көрсетеді.

Жекелеген чаттардың медиа файлдарын (сурет, бейне, музыка және файлдар) түріне қарай сүзіп, кәштен тазалауға болады.

Сонымен қатар, Android әзірлеушілері тұрған орынды үшінші тарап карталарында ашу мүмкіндігін қосты және чаттағы хаттар мен бейін суреттерінің жүктелу дизайнын жақсартты.

Premium Жаңа жеке эмоджи

Telegram суретшілері тағы 10 жеке эмоджи жинағын дайындады. Premium қолданушылары үшін хаттарда, реакцияларда және статустарда өзін көрсетудің жаңа тәсілдері көбейді.

Қосымша интерактивті эмоджи

Кезекті Telegram жаңартуы — жаңа интерактивті эмоджилер. Жеке чатта 😇 🫡 🤝 🙈 🤗 ✍️ 😨 эмоджилерінің бірін жіберіп, оны бассаңыз, екі қолданушыда бірдей уақытта ойналатын толық экранды әсерлерді көресіз. Сондай-ақ бұл эмоджилерді барлық қолданушы реакция ретінде қолдана алады.

Бұдан басқа көптеген анимациялы эмоджилер, соның ішінде тулар 🇮🇳🇧🇷🇮🇩, күнделікті заттар 📨📱🛒 және кейбір дерексіз белгілер 🔝🔞🦄 қолжетімді болды.


Бүгінге осы. Біз осы жылдың (мүмкін) соңғы жаңартуымен жұмыс істеп жатқанда, абсолютті құпиялықтың рахатын көріңіз!


2022 жылы 6 желтоқсан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

리치 텍스트 에디터, 커뮤니티, 그룹 내 휘발성 메시지, 3억 5천만 개의 GIF

텍스트를 서식화하고 생성할 수 있는 리치 텍스트 에디터, 여러 그룹, 채널, 봇을 연결하는 텔레그램 커뮤니티, 그룹 내에서의 휘발성인 봇 메시지, 3억 5천만 개 이상의 GIF 검색 등 다양한 기능이 새롭게 도입되었습니다.
14 шіл 2026

스마트워치 앱, 봇을 위한 리치 텍스트, 그룹을 위한 AI 가디언, 그리고 그 외에도 다양한 기능

오늘 업데이트로 텔레그램이 애플 워치와 안드로이드 스마트워치에서 사용 가능해졌으며, 봇을 위한 다양한 서식의 리치 텍스트, AI 관리자가 새로운 그룹 멤버를 심사하는 기능, 더 똑똑해진 투표, 브라우저 제어 등 다양한 기능이 추가되었습니다.
11 мау 2026

게스트 AI 봇, 봇 간 대화, 대화 자동화, 맞춤형 AI 스타일, 1억 개 이상의 이모지 및 스티커 검색 등 다양한 기능

텔레그램은 사용자가 어떤 대화에서도 AI 서비스를 이용할 수 있는 방법, 봇으로 받은편지함을 자동화하는 기능, AI 텍스트 에디터에서 맞춤 스타일을 만드는 기능, 설문조사에 한도를 설정하고 통계를 볼 수 있는 기능 등 10가지 이상의 새로운…
7 мам 2026

AI 에디터, 마이티 폴, 라이브 포토, 봇이 관리하는 봇, 그리고 그 외 더 많은 기능

오늘 업데이트에서는 두 번의 탭만으로 텍스트를 번역, 변환 또는 수정할 수 있는 AI 에디터, 미디어 첨부 및 활성 설문에 대한 새로운 응답 제안과 같은 설문조사용 신규 기능, 모든 앱에서 라이브 및 모션 사진 지원, 다른 봇을 생성하고 관리할…
31 нау 2026