Қорғалған контент, күні бойынша жою, құрылғы басқару және т.б.

Read the original announcement in English
Қорғалған контент, күні бойынша жою, құрылғы басқару және т.б.

Бүгінгі жаңарту топтар мен арналарда контенттің рұқсатсыз таралуын болдырмау құралдарын, белгілі бір күндердегі хаттарды жою мүмкіндігін, қосылған құрылғыларыңызды басқарудың жаңа тәсілдерін, арнаңыздың атынан ашық топтарда анонимді түрде жариялау мүмкіндігін және т.б. ұсынады.

Топ пен арнадағы қорғалған контент

Бұл жаңарту арқылы біз авторларға Telegram-да жариялаған контентін қорғауға және оның тек мақсатты аудиторияға қолжетімді болуын қамтамасыз етуге көмектесеміз.

Контентін тек мүшелерге қалдырғысы келетін топтар мен арна иелері өз чаттарынан хаттарды жөнелтуді шектей алады, бұл сондай-ақ скриншоттарды болдырмайды және жазбалардан медианы сақтау құрылғыға мүмкіндігін шектейді.

Қолданушылардың хаттарды жөнелту мүмкіндігін өзгерту үшін Топ немесе арна ақпары → Топ / арна түрі → Контент сақтауды шектеу бөлімін ашыңыз.

Хаттарды күні бойынша жою

Telegram қолданушылары өздерінің цифрлық іздеріне толық бақылау ие және кез келген уақытта чаттан кез келген хатты жоя алады. Бұл жаңартумен сіз кез келген жеке чатта белгілі бір күннен немесе күн аралығынан чат тарихын тазалай аласыз.

Күнтізбені ашу үшін чатты айналдырған кезде шығатын күн тақтасын басыңыз, содан кейін тазаланатын күндерді таңдаңыз.

Тарихты күн бойынша тазалау қазіргі уақытта тек жеке чаттарда жұмыс істейді, бірақ кез келген чаттағы хаттарды жібергеннен кейін бір күн, апта немесе ай авто-жою деп орнатуға болады.

Байланысқан құрылғыларды басқару

Telegram-ды бір уақытта барлық құрылғыңызда қолдана аласыз, ал Құрылғы мәзірі тіркелгіңіздің қай жерде орналасқанын бақылауға көмектеседі. Біз жылдам Desktop құрылғысын байланыстыру үшін жаңа батырманы және біраз уақыттан кейін белсенсіз құрылғылардан автоматты түрде шығу теңшеуін қостық.

Қосымша ақпаратты көру үшін тізімдегі кез келген құрылғыны басыңыз және оның қоңырауларды қабылдай алатынын немесе жаңа құпия чаттарды ауыстыра аласыз.

Telegram барлық платформа үшін қолжетімді, қолданбаны басқа құрылғыларыңызға жүктеп алу үшін telegram.org/apps сілтемесіне өтіңіз.

Жария топтарда анонимді жариялау

Жария топтар және арна пікірлері мыңдаған мүшесі бар ауқымды бірлестіктерде кез келген тақырыпты талқылауға мүмкіндік береді. Бұл топтар демократияны қорғаудан бастап жанкүйерлермен сөйлесуге дейін қолданылады, сондықтан біз бұл чаттарда хат жібергенде арна ретінде көріну мүмкіндігін қостық.

Хат жолағының жанындағы бейін суретін басып, арналарыңыздың бірін таңдаңыз, содан кейін сіз жіберген хаттар жеке тіркелгіңіздің орнына арнаның аты және суретімен бірге пайда болады.

Арнаңыз ретінде жариялаған кезде хат бауырсақтарының жоғарғы жағында арнаның атын да көресіз.

Қоңырау арқылы кірудің жаңа тәсілдері

Бүгіннен бастап кейбір ұялы құрылғыларға кодтарды SMS арқылы алудың орнына, Telegram-нан кіру қоңырауын қабылдап, содан кейін қоңырау шалған телефон нөмірінің бірнеше санын енгізу мүмкіндігі ұсынылады.

Қосылу сұраныстарына жауаптар

Қосылуды сұрағанда топ немесе арна және оның әкімшісі хатпен жауап берсе, чаттың жоғарғы жағында олардың қай бірлестіктен екенін көресіз.

Осы жаңартудан бастап, бот әкімшілері чатқа қосылуды сұраған қолданушылармен байланыса алады, тіпті қолданушы бұрын ботпен байланыспаса да. Бұл шексіз мүмкіндіктерге жол ашады: қосылу алдында жай ғана топтық чат ережелерін қабылдаудан бастап, қабылдау тестісін тапсырудан бастап, арна авторларына шағын қайырымдылық жасауға дейін.

Android-тағы ғаламдық чат кейіптері

Қыркүйек айындағы жаңартуымызда жеке чаттар үшін орнатуға болатын 8 жаңа кейіп енгізілді, енді олар Android-тағы толық қолданбаңыз үшін қолжетімді (iOS қолданушылары бұны алдыңғы жаңартуда алды).

Чат баптауы жаңа кейіптерге басты назар аудара отырып, толықтай қайта жасалды. Telegram командасы жасаған әр тақырыпта Күн және Түнгі режім, түрлі-түсті анимациялы фон және градиентті хат бауырсақтары бар.

Барлық тақырып сияқты, бұл дизайндарды жекелендіре аласыз және түстерді өзгерте аласыз немесе үлгіні өзгерте аласыз. Қосымша теңшеу мен жеке баптаулар үшін «Кейіп ашу» батырмасын басып, туындыларыңызды өңдеңіз және таратыңыз.

iOS 13+ жүйесінде мәтінді тану

iOS 13 және одан жоғары құрылғыларда Telegram чаттарындағы суреттер үшін Онлайн-мәтін (Live Text) мүмкіндігі қосылған, бұл пернетақтаны баспай-ақ жылдам таңдауға, көшіруге және іздеуге мүмкіндік береді. Бұл суретті тану толығымен құрылғыңызда қауіпсіз түрде өңделеді.

Қолдауы бар тілдер тізімін Apple басқарады, сондықтан егер сіздің тіліңіз әлі тізімде болмаса, болашақ ОЖ жаңартуларын бақылап отырыңыз.

iOS-та медиа субтитрлердегі мәтінді пішімдеу

Кішкене жуан немесе көлбеу хатқа дұрыс екпін қосуы мүмкін және енді сіз медиа субтитрлерде, соның ішінде сілтемелерде мәтінді пішімдеудің барлық нұсқасын қолдана аласыз.

Неліктен Android бұл функцияны ала алмайтынын сұрамас бұрын – бұл Android-те ол бұрыннан бар. 😉

iOS-та қайта жасалған контакт ақпары

Контактілер, топтар және арналар iOS 15 стиліндегі жаңа көрініспен ақпар беттерін жаңартты.

iOS-та қайта жасалған контакт ақпары

Әзірше осымен бітті. Биыл сіз үшін тағы қанша мүмкіндік жасай алатынымызды көрейік.


2021 жылы 7 желтоқсан
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

Пашыраны тэкставы рэдактар, супольнасці, знікальныя паведамленні ў суполках, 350 мільёнаў анімацый

У сённяшнім абнаўленні: пашыраны тэкставы рэдактар для стварэння і афармлення паведамленняў…
14 шіл 2026

Праграмы для гадзіннікаў, фарматаваны тэкст для ботаў, AI-ахоўнікі для суполак і шмат чаго яшчэ

Сённяшняе абнаўленне дадае Telegram на Apple Watch і Android-гадзіннікі, уводзіць шыкоўнае…
11 мау 2026

Гасцявыя AI-боты, чаты паміж ботамі, аўтаматызацыя чатаў, 100 мільёнаў эмодзі, пошук стыкераў, карыстальніцкія AI-стылі, статыстыка галасаванняў, бязгучныя запланаваныя паведамленні, выдаленне рэакцый

Telegram дадае больш за 10 новых функцый, уключаючы…
7 мам 2026

AI-рэдактар, магутныя галасаванні, жывыя фота, боты кіруюць ботамі і шмат чаго яшчэ

У сённяшнім абнаўленні мы прадстаўляем AI-рэдактар, які можа перакладаць, змяняць або выпраўляць…
31 нау 2026