Read the original announcement in English
2015 жылы алғаш рет жауаптар қосылғалы Telegram-дағы топтардың сыйымдылығы 100 есеге, яғни 200-ден 20 000 мүшеге дейін өсті. Топтық чаттарда күніне бірнеше рет жаңа атап өтулер немесе жауаптар алуыңыз мүмкін және бұл хаттарды жіберіп алмау үшін маңызды.
Telegram 4.3-нұсқасынан бастап біреу сізге топта жауап берсе немесе сізді атап өтсе, бұл жайлы чаттар тізімінде бірден «@» таңбасы арқылы білесіз:
Топта жаңа жауаптар/атап өтулер бар болса, енді чаттағы жаңа «@» батырмасын басып, соларға бірден өтесіз. Қатысты хаттардың бәрін оқыған соң бұл батырма ғайып болады.
Telegram-да кез келген адам стикер жасап, жүктей алады. Нәтижесінде күн сайын мыңдаған жаңа стикер қосылып, кейбіріміз ондаған стикер жинағын орнатамыз.
Бүгіннен бастап бес не одан да көп стикер жинағын орнатқан кез келген қолданушы жеке стикерлерді «Таңдаулы» етіп белгілей алады, олар стикер тақтасының жоғарғы жағындағы «Жұлдыз» бөлімінде әрдайым қолжетімді болады.
Стикерлер туралы айта кетсек, 100-ден астам мүшесі бар үлкен топтар енді топта сөйлесіп отырғанда барлық мүше көріп, әркім өз тақтасына қоспай-ақ қолдана алатын ресми стикер жинағын таңдай алады.
«Дос шақыру» бөлімі (контакт бөлімінде қолжетімді) толығымен қайта жасалды. Telegram қолданбасын әлі қолданбаған, бірақ бұрыннан бар достары көп контактілер тізімнің басында пайда болады. Олардың біреуін қосылуға шақырсаңыз, оларды контактілерінен ондаған тәжірибелі Telegram қолданушылары қарсы алады:
Әр жаңа шығарылымдағыдай, тағы бірнеше ұсақ, бірақ жағымды жақсартулар бар:
Жаз аяқталды. Бізбен бірге болыңыз, зындандарымыз тағы бір жаңарту дайындап жатыр!
2017 жылы 3 қыркүйек
Telegram командасы