Сурет өңдегіші мен құлыптау коды

Read the original announcement in English

Бүгін шыққан iOS пен Android жаңартуы Telegram мәнін көрсетеді, қолдануға жеңіл құпиялық құралдары мен көпшілікке арналған танымал мүмкіндіктердің үйлесімі.

Сурет өңдегіші

Telegram қолданушылары күніне 35 миллион сурет бөліседі, бұл сан сағат сайын артып келеді. Салыстыру үшін желтоқсанда Instagram қолданушылары күніне 70 миллион сурет бөліскен. Алайда осы уақытқа дейін мессенджер қолданушылары сурет бөлісуге арналған қызметтер деңгейіндегі өңдеуді қолдана алмады. Біз бүгін осыны өзгертеміз.

Жаңа сурет өңдегіш арқылы суреттерді жіберер алдында қиюға, бұруға және автоматты түрде жақсартуға болады. Сонымен қатар жарықтық, кереғарлық, жылулық, қанықтық, жарқырау, ашықтық, бұлыңғыр және басқа теңшеулер үшін Photoshop деңгейіндегі дәл баптауларды қолдана аласыз.

Бізге ең ұнаған құрал — автожақсарту: ол суреттерді бір сәтте жақсартады.

Құлыптау коды

Telegram бір уақытта бірнеше құрылғыда қолдануға болатын санаулы мессенджердің бірі. Бұл өте қолайлы болғанымен, құпиялық талаптарын да арттырады. Мысалы: iPad немесе басқа планшетіңізді әрдайым әріптестеріңіз не отбасыңыз қолдануы мүмкін.

Осындай жағдайларда сізге көбірек бақылау беру үшін біз құлыптау кодын енгіземіз. Бүгіннен бастап iOS немесе Android құрылғыңыздағы Telegram-ды құлыптау кодымен құлыптай аласыз, қарапайым төрт таңбалы PIN код немесе құпиясөзден құрала алады. iOS қолданбасы, енді Android қолданбасы да, ерекше жағдайларда (мысалы: телефон ұрланса) жергілікті деректер қорын осы құпиясөзбен шифрлай алады.



Бұл құлыптау кодын енгізбейінше, ешкім Telegram хаттарыңызға қол жеткізе алмайды. Telegram құлыпталған кезде жаңа хаттар мәлімдемесінің мәтіні де, жіберушінің аты да көрсетілмейді, осылайша жеке деректер бөгделерден жасырын қалады.



Telegram-ды әр жолы құлыптан ашу ыңғайсыз болмас үшін, біз қолмен құлыптауды және автоқұлыпты қостық. Қолданбаны чаттар экранынан қолмен құлыптай аласыз немесе белсенділік болмаған белгілі бір уақыттан кейін автоқұлыпты іске қосуға болады. iOS қолданушылары қолданбаны Touch ID арқылы аша алады.


2015 жылы 25 ақпан
Telegram командасы