Қойма 2.0, бір реттік дауысхат және тағы 8 мүмкіндік

Read the original announcement in English

Қаңтар айында біз Telegram-ға 10 жаңа мүмкіндік қостық, соның ішінде жаңартылған Қойма, ойнағаннан кейін жойылатын бір реттік дауысхат пен бейнехаттар, хатыңыздың сағат нешеде оқылғанын көрсететін егжей-тегжейлі оқу туралы есептер және т.б.

Қойма 2.0

Әрбір Telegram қолданушысында Қойма деп аталатын чат, жазбалар, еске салғыштар және басқа чаттардан жіберілген хаттар үшін орын бар.

Бұл жаңарту Қойманы сілтемелер, медиа және бетбелгілер үшін қуатты сақтау жүйесіне айналдырады. Енді сіз қоймаңызды чат ретінде немесе ықшам тізім ретінде көре аласыз, оларды тегтермен реттей аласыз және кез келген нақты чаттан қоймаға қол жеткізу үшін Ортақ медиадағы жаңа «Қойма» қойындысын қолдана аласыз.

Қойманы чат ретінде көру

Жаңа чат қып қарау режімі сіз хаттарды жіберген жеке чаттардың, топтардың және арналардың тізбесін көруге мүмкіндік береді. Осы чаттардың кез келгенін жоғарғы жағына таңдай аласыз.

Көріністерді ауыстыру үшін қоймаңызда жай ғана атауды басыңыз. Сондай-ақ ⋮ / ⋯ батырмасын басып, Хат қып көру немесе Чат қып көру дегенді таңдауға болады, бұл жағдайда қойма келесі жолы оларды ашқанда таңдалған режімде көрсетіледі.

Premium Қоймаға арналған белгі

Одан да жақсы ұйымдастыру үшін оларды іздеуде тез сүзгілеуге мүмкіндік беретін қоймаңызға бірнеше белгі қосуыңызға болады.

Белгілер эмоджи-ге негізделгендіктен, белгі қосу реакция қосу сияқты оңай, бірақ белгілердің де атаулары болуы мүмкін. Белгілер қазірдің өзінде барлық Telegram Premium қолданушысы үшін қолжетімді.

Қоймаңызда іздеу үшін жоғарғы бұрыштағы 🔍 таңбасын басыңыз. Белгілеріңіз іздеу жолының астында пайда болады, сол белгіні басып, іздеуді сол белгі бойынша сүзгілеңіз.

Ортақ медиадағы қойма

Чаттарда, топтарда және арналарда суреттерге, сілтемелерге, музыкаға және т.б. жылдам қол жеткізу үшін ортақ медиа бөлімі бар. Бұл жаңартуда жаңа Қойма беті де қосылған, онда сіз қоймаңызға жіберген сол чаттағы кез келген хаттар бар.

Жаңартылған іздеу

Біз барлық чатта іздеуді жақсарттық, енді іздеу нәтижесін навигациялау және оларды ықшам тізім ретінде көру оңайырақ.

Кеңес: Кез келген чатта іздеуді ашудың ең жылдам жолы — оның атауын басып тұру.

Бір реттік дауысхат пен бейнехаттар

Бірден баптауы енді дауысхат пен бейнехаттар үшін қолжетімді. Бұндай хаттар оларды қайта-қайта жібергіңіз келетін анимациямен өздігінен жойылғанға дейін **бір рет қана ойнатылуы мүмкін.

Бірден хатын жазу үшін басып тұрыңыз, содан кейін жазбаны бұғаттау үшін жоғары қарай сырғытыңыз, содан кейін жібермес бұрын бірден таңбасын басыңыз.

Жазуды тоқтату және жалғастыру

Кез келген дауысхат немесе бейнехатты жазу кезінде бірнеше хат жіберудің орнына, енді тоқтатып, кейіннен жазуды жалғастыра аласыз.

Тоқтату үшін жазуды құлыптау үшін жоғарыға сырғытыңыз және тоқтату ⏸️ батырмасын басыңыз. Жазуды жалғастыру үшін микрофон немесе камера таңбасын қайта басыңыз.

Жеке чаттағы оқу уақыты

Хат жібергенде бір белгі (✓) оның жеткізілгенін, ал екі белгі (✓✓) оның оқылғанын білдіреді, ал жеке чаттарда хатыңыздың ашылған дәл уақытын көре аласыз.

Оқылған уақыттардың өздерінің егжей-тегжейлі құпиялық баптауы бар, олар сіздің Соңғы белсенділігіңіздің құпиялық баптауына негізделген. Белгілі бір қолданушыдан соңғы белсенділігіңізді жасырсаңыз, олардан оқу уақытын жасыруды да таңдай аласыз.

Жеке құпиялықты қорғау үшін жеке чаттардағы оқу уақыты жойылмас бұрын тек 7 күнге көрінеді, тура топтардағыдай.

Premium Бір жақты соңғы рет кірген және оқу уақыты

Әдепкі бойынша қолданушыдан соңғы рет кірген немесе оқу уақытыңызды жасыру сізден де оның уақытын жасырады. Бірақ Telegram Premium болса, соңғы рет кірген және оқу уақытыңызды жасырып, сізбен бөліскен басқаларды көре аласыз.

Соңғы рет кірген немесе оу уақытыңызды жасырсаңыз, ол барлық қолданушыдан, соның ішінде Premium қолданушыларынан әрқашан жасырылады.

Premium Жеке хат рұқсаты

Бұл жаңартумен Premium қолданушылары оларға кім хат жібере алатынын таңдай алады, не Бәрі, не Контактім мен Premium қолданушы. Бұл іске қосылса, контакт емес немесе Premium-і жоқ қолданушылар сізбен чат бастай алмайды, бірақ оларға бірінші хат жіберсеңіз жауап бере алады.

Басқа қолданушыдан қажетсіз хат алсаңыз, чаттың жоғарғы жағында қолданушыны бұғаттау және біздің модераторларға мәлімдеу батырмасы бар.

Premium Жылдам жүктеу уақыты және жоғары сапалы хикая

Бейне хикаялар енді 4 есе жылдам жүктеледі. Сондай-ақ Premium қолданушылары үшін қосымша трафикке қарсы болмаса, бейне хикаяларды жоғары сапада көру үшін жаңа баптау қостық.

Барлық қолданушы енді бейне хиякаларда ойнату жылдамдығын басқара алады.

Жіберілген контактілер үшін жаңа дизайн

Жіберілген контактілері бар хаттар енді жақсырақ көрінеді және осы қолданушылардың сыртқы кейіп баптауында таңдаған түс және эмоджи таңбасын көрсетеді.

iOS-тағы жақсартылған бейнехат

Бір реттік режім мен тоқтату мен жалғастыруды қоса, біз iOS-та бейнехатты жазуды жақсарттық. Енді сіз анық бейне сапасынан ләззат ала аласыз, алдыңғы және артқы камералар арасында тезірек ауыса аласыз және камераның дірілін аз сезіне аласыз.

macOS-тағы қолданба таңбасы

macOS-қа арналған Telegram-ның нұсқасы арқылы сіз енді қолданбаңызды тақырыбыңызға сәйкес немесе dock-та ерекшеленетін ету үшін 15 таңбадан таңдай аласыз.

Қолданба таңбасын өзгерту үшін Баптау → Кейіп → Қолданба таңбасы бөліміне өтіңіз.


2024 жылы 31 қаңтар
Telegram командасы