Мүше белгісі, Telegram арқылы кіру, жөнелтуді өшіру, GIF өңдеу, күнді пішімдеу, дауыс берудің уақыт белгісі

Read the original announcement in English
Мүше белгісі, Telegram арқылы кіру, жөнелтуді өшіру, GIF өңдеу, күнді пішімдеу, дауыс берудің уақыт белгісі

Бүгінгі жаңартуда біз топ мүшелерінің өздерінің кім екенін көрсетуіне көмектесу үшін белгілерді қосамыз, нақты жеке чаттарда хат жөнелтуді өшіру баптауы, GIF өңдеу және сипаттау, Telegram көмегімен қосымшалар мен веб-сайттарға тіркелу және кіру үшін жаңа құралдар және т.б.

Мүше белгісі

Топ чаттарындағы мүшелер енді өздерінің аты-тегінің жанына белгі қоса алады, жұмыстағы рөлін көрсету үшін, мектепте не оқитынын және т.б. Бұл сізге маңайдағы чаттарда өзін таныстыруға немесе онлайн бірлестіктерге қызығушылықтарыңызды көрсетуге көмектеседі.

Әкімшілер топ мүшелері өз белгілерін орната алатынын немесе оларды тек әкімші тағайындай алатынын таңдай алады. Топ әкімшілерінің мүше белгілері олардың рөлдері айқын болуы үшін әрқашан түрлі түсте көрсетіледі.

Мүшелерге тобыңызда өз белгілерін орнатуға рұқсат беру үшін Топ баптауы → Рұқсат бөліміне өтіп, Жеке белгіңізді өңдеу тармағын іске қосыңыз.

Premium: Жеке чатта жөнелтуді өшіру

2021 жылы Telegram топтар мен арналар үшін контентті қорғау баптауын қосты, бұл бірлестіктер мен контент жасаушыларға өз жазбаларын неғұрлым айрықша етуге көмектеседі.

Бүгінгі жаңартумен қолданушылар өзара сенім атмосферасын қалыптастыру үшін кез келген жеке чатта жөнелтуді өшіре алады. Бұл хатты жөнелтуді шектейді және чаттан скриншот түсіруге немесе медианы сақтауға жол бермейді.

Чатта жөнелтуді өшіру үшін қолданушының бейінін ашып, ⋯ немесе ⋮ батырмасын басыңыз және «Жөнелтуді өшіру» таңдаңыз. Бұл мүмкіндік қазір Telegram Premium қолданушылары үшін қолжетімді.

GIF-ке арналған сипаттама

GIF тақтасындағы GIF-ті таңдаған кезде, сіз енді оған тікелей сипаттама қоса аласыз және оның барлығын бір хат ретінде жібере аласыз. Басқа медиадағы сияқты, сипаттамаңыз тамаша пішімделген мемдер үшін үстінде немесе GIF астында орналастырылуы мүмкін.

GIF-ке сипаттама қосу немесе оны өңдеу үшін GIF тақтасында басып тұрып, Жазу басыңыз.

Суреттен жылдам стикер жасау

Медиа көргіде ашылған суретті енді бір рет басып, стикерге айналдыруға болады. Бұл стикерлерді жібермес бұрын объектіні қиып алу, мәтін қосу және эмоджи және т.б. үшін өңдеуге болады.

Стикер жасау

Сіз жасаған стикерлер таңдаулыға сақталуы немесе стикер жинағына қосылуы мүмкін.

GIF пен стикер өңдеу

Тақтадағы GIF пен стикерлер енді Telegram-ның қуатты медиа өңдегішінде мәтін, суреттер және эмоджилер қосу үшін немесе GIF-ті қиып, ұзындығын өзгерту үшін өңделуі мүмкін.

Стикер өңдеу

Тақтадағы GIF-ті немесе стикерді өңдеу үшін басып тұрып, Өңдеу-ді таңдаңыз.

Сауалнама үшін уақыт белгісі

Берілген дауыстары көрінетін сауалнамалар енді дауыс берген әрбір қолданушы үшін уақыт белгісін көрсетеді, осылайша қатысушылар әр дауыстың қашан берілгенін көре алады.

Сауалнама үшін уақыт белгісі

Боттарға арналған ағынды жауаптар

Былтыр біз ЖИ боттарға олар жауап берген кезде мәтінді ағын түрде көрсету мүмкіндігін бердік. Бүгінгі жаңартумен Telegram-дағы әрбір бот бұл мүмкіндікті экранда айналатын қанағаттанарлық жауап үшін іске қоса алады.

Telegram арқылы кіру

Енді Telegram тіркелгіңізді қолданып, қолданбалар мен веб-сайттарға формаларды толтырмай немесе құпиясөздер жасамай, бірнеше рет басу арқылы тіркеліп және кіре аласыз.

Сондай-ақ қызметтерге Telegram арқылы хабарласуға және қосымша тексеру қадамдарын болдырмау үшін телефон нөміріңізді көрсете аласыз.

Әзірлеушілер Telegram арқылы кіруді біріктіру жолдары жайлы толық ақпарды нұсқаулықтан таба алады.

Уақыт мен күнді пішімдеу

Сіз хатта нақты уақыт пен күнді жіберу үшін жаңа «Күні» пішімдеу теңшеуін қолдана аласыз. Алушылар оны басып, күнтізбесіне оқиғаны қосу немесе жылдам еске салғышты орнату мүмкін.

Күнді пішімдеу әр алушының жергілікті күні мен уақытына бейімделеді, сондықтан ешкімге уақыт белдеуінің есебін жасаудың қажеті жоқ.

Сондай-ақ боттар өз хаттарына динамикалық уақыт айнымалыларын қоса алады, олар әр алушының жергілікті күні мен уақытына бейімделеді, сондықтан ешкімге уақыт белдеуінің есебін жасаудың қажеті жоқ.

Telegram бот API-індегі барлық соңғы жаңартуые көру үшін соңғы өзгерісті тексеріңіз.

Наурыз айына қош келдіңіздер. Көктемгі жаңартулар келе жатыр! ️❄️☀️🌳


2026 жылы 1 наурыз
Telegram командасы

Басқа жаңалықтар

رسائل الترحيب، الأزرار في الرسائل والهدايا الموقعة

نقدم لكم رسائل الترحيب للترحيب بالأعضاء الجدد في المجموعات أو القنوات، والأزرار في الرسائل لجعل أي نص تفاعليًا، والمستندات المضمنة في الرسائل،…
25 там 2026

محرر النصوص الغني، الرسائل سريعة الزوال في المجموعات، المجتمعات، ٣٥٠ مليون صورة متحركة

نقدم لكم محرر نصوص غني لتنسيق وإنشاء النصوص، ومجتمعات تيليجرام التي تربط بين العديد من المجموعات…
14 шіл 2026

تطبيقات الساعات الذكية، النصوص الغنية للبوتات، حراس الذكاء الاصطناعي للمجموعات، والمزيد الكثير

تحديث اليوم يجلب تيليجرام إلى ساعة آبل وساعات أندرويد الذكية، ويضيف نصًا غنيًا للغاية للبوتات،…
11 мау 2026

بوتات الذكاء الاصطناعي المستضافة، المحادثات بين البوتات، أتمتة المحادثات، البحث في أكثر من ١٠٠ مليون رمز تعبيري وملصق

في تحديث اليوم؛ أضاف تطبيق تيليجرام أكثر من ١٠ميزات جديدة، بما في ذلك طرق تمكن المستخدمين…
7 мам 2026