Іздеу сүзгісі, анонимді әкімші, арна пікірі және т.б.

Read the original announcement in English
Іздеу сүзгісі, анонимді топ әкімшісі, арна пікірі және т.б.

Жеке Telegram бұлтыңыз шексіз әрі қызықты мемдерге толы. Онда жол табуыңызға көмектесу үшін іздеу сүзгісін енгізіп отырмыз. Бүгінгі жаңартуда сондай-ақ анонимді әкімшілер бар, бұл еркіндік үшін күресті қауіпсіз етеді, және әркімнің дауысы естілуі үшін арна пікірлері.

Іздеу сүзгісі

Енді іздеу нәтижелерін жаңа қойындылар арқылы түрі бойынша сүзгілей аласыз: медиа, сілтеме, файл және басқалары. Белгілі бір уақыт кезеңін іздеу үшін жай ғана «14 тамыз» немесе «кеше» деп жазыңыз. Кез келген адам, топ, арна немесе боттың атын жазу арқылы дереккөз бойынша сүзгі қосылады.

Бұл іздеу сүзгілерін біріктіруге болады, сонда нақты нәрсені таба аласыз, мысалы: сілтемесі бар хаттар, 2016 жылдың наурызында жіберілген, ішінде қайық сөзі бар.

Анонимді топ әкімшісі

Telegram барған сайын демократия және еркіндік үшін ереуілдерді ұйымдастыруға қолданады. Бүгін қауіпсіз ереуілдер үшін тағы бір құралды ұсынамыз.

Әкімші құқықтарында Аноним боп жіберу қосып, Бетмен режіміне өтіңіз. Анонимді әкімші топ мүшелерінің тізімінде жасырылған болады, ал олардың чаттағы хаттары топ атауымен қол қойылады, арна жазбалары сияқты.

Топтағы анонимді әкімшінің жазбасы

Арна пікірлері

Арналар жайлы айтатын болсақ, талқылау топтары бар арналардағы жазбаларға пікір қалдыру мүмкіндігін қостық. Пікірлер өздерінің шағын тақырыбында көрсетіледі, бірақ сонымен бірге талқы тобына түседі, осылайша бәрі хабардар болады және әкімшілерге әңгімені мәдени жүргізу жеңілдейді.

Арнаның талқылау тобына мүше болмасаңыз, пікірлерге жауаптар туралы мәлімдеме жаңа Жауаптар чаты арқылы келеді.

Шектеулі уақыт ішінде бұл мүмкіндікті осы арнада сынап көре аласыз.

Өз арнаңызда талқыны қосқыңыз келсе, Арна баптауы → Талқы бөліміне өтіңіз.

Android-тағы керемет толықтырулар

Біздің Android сиқыршылары жаңа жатық анимацияларды қосуды ұмытқан жоқ. Тамашалап көру үшін пернетақтаны жайып немесе жасырып көріңіз немесе сол жақ мәзірден күндізгі және түнгі кейіптер арасында ауысыңыз. Сондай-ақ хаттарды жою, мәлімдемелерді өзгерту, медианы сақтау кезінде анимациялы қалқымалы терезелерді көресіз.

Тәжірибелік нәрселерді көбірек ұнатсаңыз, топ чатындағы кез келген бейін суретін басып ұстап, оны жақынырақ қараңыз. Бір қолданбада бірнеше тіркелгіні қолдансаңыз, енді тіркелгі ауыстырғышта дәл осы қимылды қолданып басқа тіркелгілердің чат тізімдерін алдын ала көре аласыз.

Көбірек анимацияы эмоджи

Барлық эмоджиді анимациялауды жалғастырып келеміз. Чатта осылардың бірін 👇 алу үшін жай ғана бір эмоджиден тұратын хат жіберіңіз.


Бүгінге осы. Кездескенше пікірлерде көрісеміз.


2020 жылы 30 қыркүйек
Telegram командасы